Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартқан әлем чемпионы қазақша киіммен Головкинге үндеу тастады

Опубликовано:

Деметриус Андраде
Деметриус Андраде. Видеодан кадр: youtube.com / Tru School Sports

Әлеуметтік желіде орта салмақтағы WBO бойынша әлем чемионы, америкалық Деметриус Андраденің қатысуымен түсірілген видео пайда болды, деп жазады Sports.kz.

Басылымның жазуынша, боксшы Дубайдағы Экспо-2020 халықаралық көрмесіндегі Қазақстан павильонына барған. Дәл сол жерде IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкинге үндеу тастаған.

"Біз осында Дубайдамыз. Мына тамаша ғимараттың алдында тұрмыз (Қазақстан павильонын көрсетті - ред.). Бұл Қазақстан мен оның халқын құрметтемеу емес. Бірақ GGG, біз сені іздеп жүрміз. Қайдасың? Вig drama show жасайық, кеттік", - деп мәлімдеді Андраде.

Осыдан кейін кадрлардан Андраденің қазақша тақия мен ұлттық ою-өрнек салынған желет киіп алғанын көруге болады.

"Тыңдаңыздар, келіп, менің қазақстандық жанкүйерлеріме аздаған махаббатарыңызды көрсетіңіздер. Мені іште жақсы қарсы алды. Бірнеше қазақстандық мені таныды. GGG, олар бұл жекпе-жектің өткенін қалайды. Осыны ұйымдастырып, жанкүйерлер қалаған кездесуді берейік. Қазақстан - таңғажайып ел, сол жерге барар күнді асыға күтудемін", - дейді Деметриус.

Еске сала кетсек, Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізіп, өзінің чемпиондық атағын қорғауы керек еді. Алайда ол екінші орта салмаққа ауысып, британиялық Зак Паркермен жұдырық түйістіруге шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1956512-alimxanulymen-zudyryqtasudan-bas-tartqan-alem-cempiony-qazaqsa-kiimmen-golovkinge-undeu-tastady-video/

pixel