Бейжіңде ел намысын қорғап жатқан спортшыларда қандай өзгеріс болды

Опубликовано:

Коньки
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті

Бұл ақпаратты Қазақстанның бас бапкері Дмитрий Бабенко растады.

"Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ", - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко. 

Айта кетейік, конькиден 1000 метр қашықтықта сынға түскен қыздарымыз үздік ондыққа кіре алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1956585-beizinde-el-namysyn-qorgap-zatqan-sportsylarda-qandai-ozgeris-boldy/