Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада рекорды: Бейжіңде отандық конькишілер қалай өнер көрсетті

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Бейжің Олимпиадасында әйелдер арасында кезекті коньки жарысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1000 метр қашықтықта ел намысын Екатерина Айдова мен Надежда Морозова қорғады. Өкінішке орай, атлеттеріміз жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ.

Надежда Морозова бір шақырымды 1:15.69 секундта жүгіріп өтіп, 11-орынды қанағат тұтса, Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен үздік жиырмалыққа кірді (19-орын).

1000 метрде жапондық Михо Такаги (1:13.19) Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Оның көрсеткіші қысқы ойындардың жаңа рекорды болып тіркелді.

Күміс медаль нидерландтық Ютта Лердамға бұйырса (1:13.83), үшінші орынға америкалық Бриттани Боуи жайғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956603-olimpiada-rekordy-beizinde-otandyq-konkisiler-qalai-oner-korsetti/

pixel