Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қазақстандық файтер Мәскеуде оқ жарақатын алды

Опубликовано:

Бағдай Дүйсембиев
Фото: : instagram.com/bagdat_mma

Қазақстандық файтер Бағдат Дүйсембаев Мәскеуде оқ жарақатын алды, деп хабарлайды 112 Telegram-каналы.

Дереккөздің мәліметінше, 30 жастағы спортшы фитнес клубқа абонемент алуға келіп, көлігін спортзал маңына қойып кеткен.

Ал көлікті тұраққа қоюшы темір тұлпарды алып тастауды талап етіп, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін шақырған.

Көшедегі жанжал кезінде күзетшілердің бірі файтерге алты рет оқ атқан. Дүйсембаев ауруханаға жеткізілген.

Қазір мән-жайды полиция анықтауда.

Айта кетейік, Бағдат Дүйсембаев көпшілікке "қазақ" лақап атымен таныс. Ол әуесқой ММА-да өнер көрсетеді. Файтер жеті жекпе-жек өткізіп, оның екеуіңде жеңіске жетіп, төртеуіңде жеңіліп, бір рет қарсыласымен тең түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1956636-alty-ret-atqan-qazaqstandyq-faiter-maskeude-oq-zaraqatyn-aldy/

pixel