Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Камила Валиева Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Опубликовано:

Спортшы
Камила Валиева. Фото: ANNE-CHRISTINE POUJOULAT/AFP via Getty Images

Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі кезеңнен тұратын бәсекенің жеңімпазы ресейлік Анна Щербакова атанса, екінші орын оның отандасы Александра Трусоваға бұйырды.

Қола медаль жапондық атлет Каори Сакамотоның қанжығасына байланды.

Алғашқы айналымда топ жарған ресейлік Камила Валиева екінші кезеңде бірнеше қателіктерге бой алдырды.

Осылайша, ол Бейжің Олимпиадасын төртінші орынмен аяқтап, жүлдеден тыс қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956654-basy-dauga-qalgan-kamila-valieva-beizin-olimpiadasynda-zuldesiz-qaldy/

pixel