Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас маман өзбекстандық футбол клубының жаттықтырушылар штабына енді

Опубликовано:

Расул Маруа
Расул Маруа. Фото: vk.com/marua47

Қазақстандық маман Расул Маруа өзбекстандық "Андижан" футбол командасының жаттықтырушылар штабына енді, деп хабарлайды Sports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Виктор Кумыковтың көмекшісі атанып, жаттықтырушы-талдаушы ретінде жұмыс істейді.

28 жастағы Маруа 10 ақпанда Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастаған "Андижан" клубына қосылып үлгерген.

Футболшы ретінде Расул Маруа "Ертіс", "Астана" және "Қазақмыс" командаларының қосалқы құрамында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде "Ертіс" және "Ақсу" клубтарында жұмыс істеген.

Айта кетейік, осыған дейін "Ордабасы" футбол клубының жаңа президенті болып Бауыржан Абдубаитовтың тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1956734-qazaqstandyq-zas-maman-ozbekstandyq-futbol-klubynyn-zattyqtyrusylar-stabyna-endi/

pixel