Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" клубының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

Опубликовано:

Арда Туран
Арда Туран. Фото: Aitor Alcalde/Getty Images

"Атлетико" мен "Барселонаның" бұрынғы футболшысы Арда Туран қостанайлық "Тобыл" клубының жаттығу-жиынында көзге түсті, деп хабарлайды Inside_kz Telegram каналы.

Каналдың хабарлауынша, түркиялық жартылай қорғаушы Арда Туран Түркияда "Тобыл" футболшыларымен бірге көзге түскен.

"Барселона" мен мадридтік "Атлетико" клубының бұрынғы ойыншысы қомақты жалақы алады. Қазақстандық футбол үшін бұл ойыншы қымбатқа түсуі мүмкін.

Бұл маусымда Туран "Галатасарай" сапында 4 матч өткізіп, нәтижелі іс-әрекетімен көзге түспеген.

Айта кетсек, Арда Туран бұған дейін Қостанай қаласында болған. Ол 2009 жылы УЕФА кубогі аясында "Галатасарай" клубымен бірге "Тобылға" қарсы ойын ойнаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық маман Расул Маруа өзбекстандық "Андижан" футбол командасының жаттықтырушылар штабына енгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1956791-barselona-klubynyn-buryngy-oiynsysy-qazaqstandyq-klubqa-auysuy-mumkin/

pixel