Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға қатысатынын бір күн бұрын білген отандық конькиші қалай өнер көрсетті

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында кезекті коньки жарысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1000 метр қашықтықта ел намысын Дмитрий Морозов пен Денис Кузин қорғады. Өкінішке қарай, спортшыларымыз жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ. Дмитрий 17, Денис 23-орынға табан тіреді.

Бұл сында Нидерланды атлеті Томас Крол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль канадалық Лоран Дюбрейге бұйырды.

Ал үшінші орынды норвегиялық Ховар Лорентсен қанағат тұтты.

1000 метрде әлем рекордын қойған ресейлік Павел Кулижниковтің жолы болмады. Ол мәре сызығын бар болғаны 11-болып кесті.

Спортшылардың нәтижесі:

1. Томас Крол (Нидерланды) — 1:07.92

2. Лоран Дюбрей (Канада) — +0.40

3. Ховар Лорентсен (Норвегия) — +0.56

...

17. Дмитрий Морозов (Қазақстан) — +1.69 23. Денис Кузин (Қазақстан) — +2.15.

Айта кетейік, 1000 метр қашықтықта ел намысын Денис Кузинмен бірге Иван Аржаников қорғау керек еді. Алайда Иван денсаулығына байланысты кеше жарысқа шыға алмайтынын мәлімдеді. Осылайша, оның орнына бүгін Дмитрий Морозов жарыс жолына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956823-zarysqa-qatysatynyn-bir-kun-buryn-bilgen-otandasymyz-beizinde-qalai-oner-korsetti/

pixel