Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұраймын": Бейжіңде жүлдеге ілінбеген отандасымыз мансабын аяқтамақ

Опубликовано:

Конькиші
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Бейжің Олимпиадасында жолы болмаған Денис Кузин мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін, 18 ақпанда Денис Кузин 1000 метр қашықтықта сынға түсіп, 23-орынға табан тіреді.

Жарыстан соң отандасымыз нәтижеге көңілі толмайтынын ашық айтып, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Жарысқа қатысты ештеңе айта алмаймын. Тек Қазақстан халқынан достарым мен таныстарымнан, бүгін маған жанкүйер болған жандардан кешірім сұраймын", - деп сөзін бастады конькиші.

Денис ақтала алмайтынын айта келе, бұл мансабындағы соңғы жарыс екенін жеткізді.

"Бүгінгі жарыста не болғанын, неліктен мұндай нәтиже көрсеткенімді білмеймін. Ештеңемен ақтала алмаймын. Тек өте нашар өнер көрсеткенімді білемін. Әсіресе, өз мансабымдағы ең соңғы бәсекеде.

Өзімнің бүгінгі көрсеткішімнен соң спорттағы ғұмырыма нүкте қоямын деп шештім. Әрі қарай не боларын ойлау қиын. Алдағы мүмкіндіктерімді байқау керек. Қорқынышты. Спортқа 23 жылымды бердім, қолымнан келері де аз. Алдағы уақытта не боларын көреміз", - деді ол

Айта кетейік, Бейжің - Денис Кузин бақ сынаған төртінші Олимпиада. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956838-kesirim-suraimyn-beizinde-zuldege-ilinbegen-otandasymyz-mansabyn-ayaqtamaq/

pixel