Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңде биатлоннан 14 медаль жеңіп алған ағалы-інілілер туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында биатлоннан сынға түсіп жатқан ағайынды Йоханнес пен Тарьей қысқы ойындарда Норвегия қоржынына он төрт медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Йоханнес Бе Бейжің Олимпиадасында бес алтын, екі күміс, бір қола медальға қол жеткізсе, оның ағасы Тарьей Бе үш алтын, екі күміс, бір қола жеңіп алды.

Тарьей Бе туралы не білеміз?

Тарьей Бе 1988 жылы 29 шілдеде Норвегияның Согн-ог-Фьюране туристік аймағында дүниеге келген.

Ол - үш дүркін Олимпиада чемпионы және үш дүркін Олимпиада жүлдегері. Сонымен қатар, әлем біріншілігінің он бір дүркін жеңімпазы және әлем кубогының ең жас иегері.

Чемпиондардың әкесінің есімі Клемент. Анасы Аслауг. Олар отбасында бес бала. Тарьей - ортаншысы, оның үлкен ағасы Расмус және қарындасы Мартин. Ал інілері Йоханнес пен Гете.

Отбасыларында Тарьей секілді Йоханнес пен Гете биатлонмен айналысады.

Йоханнес Бе туралы не білеміз?

Йоханнес Бе 1993 жылы 16 мамырда Норвегияның Согн-ог-Фьюране туристік аймағында дүниеге келген.

Ол - бес дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем чемпионы, үш дүркін әлем кубогының иегері, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956860-beizinde-biatlonnan-14-medal-zenip-algan-agaly-iniler-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel