Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дайындалмадым": Бейжіңде жарысқа шығатынын аяқ асты білген отандық атлет өзіне баға берді

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Конькиден Бейжің Олимпиадасында 1000 метр қашықтықта ел намысын қорғаған Дмитрий Морозов бүгінгі бәсекеден соң көрсеткішіне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, 1000 метр қашықтықта ел намысын Денис Кузинмен бірге Иван Аржаников қорғау керек еді. Алайда Иван денсаулығына байланысты кеше жарысқа шыға алмайтынын мәлімдеді. Осылайша, оның орнына бүгін Дмитрий Морозов жарыс жолына шықты.

Ол отыз атлеттің ішінде он жетінші орынға жайғасты.

Осыдан кейін Дмитрий Морозов бүгінгі көрсеткішіне байланысты өз ойын жеткізді.

"Негізінде бұл қашықтыққа дайындалмадым. Жалпы, Олимпиада ойындарында 1000 метрде жарысамын деп ойлаған емеспін. Әрине, Иванның жарыс жолына шыға алмайтынына көңілім түсті. Бір жағынан қысқы ойындарда өзімді көрсетуге мүмкіндік болғанына қуандым. Бұл қашықтықтағы өнеріме риза болдым, көрсеткіш мен үшін жақсы. Бұл менің жеке рекордым. Бұл қашықтықта маған өте көп жұмыс істеу керек екен. Келесі жылы аталған қашықтықта үздік конькишілермен тайталасқа түсемін деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды отандасымыз.

Дмитрий Морозов туралы не білеміз?

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий 1996 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Ол конькимен жүгірумен 9 жасынан бастап айналысады.

Спортшы 3000 және 5000 метр қашықтықта Қазақстан Республикасының рекордын орнатқан.

Дмитрий 2018 жылы Белоруссияның Минск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында күміс, 2021 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен біріншілікте алтын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956882-daiyndalmadym-beizinde-zarysqa-sygatynyn-ayaq-asty-bilgen-otandyq-atlet-ozine-baga-berdi/

pixel