Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: 18 ақпанда жарыс жолына шыққан спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Опубликовано:

Коньки
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 18 ақпанда Бейжің Олимпиадасында ел намысын екі спортшымыз қорғады. Өкінішке қарай, олар жүлдеге ілінген жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1000 метр қашықтықта бақ сынаған конькишілеріміз Денис Кузин мен Дмитрий Морозов үздік ондыққа кіре алмады.

Дмитрий 17, Денис 23-орынға табан тіреді.

Бұл сында Нидерланды атлеті Томас Крол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль канадалық Лоран Дюбрейге бұйырды.

Ал үшінші орынды норвегиялық Ховар Лорентсен қанағат тұтты.

Айта кетейік, 1000 метр қашықтықта ел намысын Денис Кузинмен бірге Иван Аржаников қорғау керек еді. Алайда Иван денсаулығына байланысты кеше жарысқа шыға алмайтынын мәлімдеді. Осылайша, оның орнына бүгін Дмитрий Морозов жарыс жолына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956886-beizin-olimpiadasy-18-aqpanda-zarys-zolyna-syqqan-sportsylar-qandai-natize-korsetti/

pixel