Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Ресей құрамасы Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Опубликовано:

Спорт
Көрнекі фото: pxhere.com

Ерлер арасында хоккейден Бейжің Олимпиадасының финалына шыққан құрамалар анықталды. Олардың бірі Ресей, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресей құрамасы жартылай финалда Швециямен кездесті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақытында 1:1 есебі тіркеліп, кездесу қосымша уақытпен жалғасты. Овертаймда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмаған ұжымдар жеңімпазды анықтай алған жоқ.

Осылайша, буллит сериясына кезек берілді. Бұл сында ресейлік хоккейшілердің мерейі үстем болды (3:2).

Ал жартылай финалдың екінші ойынында Финляндия Словакиядан айласын асырды. Есеп 2:0.

Осылайша, ақтық мәреде Ресей мен Финляндия жолығады. Финал 20 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ертең, 19 ақпанда қола медальға Швеция мен Словакия таласады. Матч 19.10-да басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1956887-xokkeiden-resei-quramasy-beizin-olimpiadasynyn-finalyna-syqty/

pixel