Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медаль алатын соңғы мүмкіндіктердің бірі: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Бейжің
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 19 ақпанда Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер екі спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

50 шақырым қашықтықта шаңғышымыз Евгений Величко ел намысын қорғайды. Оның бәсекесі Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де басталады деп жоспарланып отыр. Тікелей эфир Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетілмек.

13.00-де Хабар арнасынан коньки спортнынан масс-старт сайыстарын тамашалауға болады.

Жартылай финалда отандасымыз Дмитрий Морозов бағын сынайды. Финал 14:30-де өтпек.

Ал 13.45-де әйелдер арасында коньки жарысы басталады. Бұл сынға Дмитрийдің әйелі Надежда Морозова қатысады. Қазақстандықтар тікелей эфирді Хабар арнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, әзірге Бейжің Олимпиадасындағы ең үздік көрсеткіш төртінші орын. Оған шорт тректен Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956892-medal-alatyn-songy-mumkindikterdin-biri-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel