"Қызым әкесінің тарихты жасағанын білетін болады": Бейжіңде қола жүлде алған спортшы әйеліне жантебірентерлік видео жолдады

Опубликовано:

Сергей Ридзик
фото: sports.ru

Ресейлік фристайлшы Сергей Ридзик Бейжің Олимпиадасында ски-кростан қола жүлдегер атанды. Олимпиадаға дайындалу үшін жақындарын бірнеше ай бойы көрмеген спортшы әйеліне сезімін білдіріп, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл Сергейдің Олимпиадада жеңіп алған екінші қоласы. Төрт жыл бұрынғы Пхенчхан Олимпиадасында да ол үздік үштікке енген болатын. Бейжіңде жүлдегер атанғанын білген атлет бапкерлері мен әйеліне жантебірентерлік үндеу жасады.

"Владимир Ивановия Шеин, менің алғашқы бапкерім, туған күніңізбен! Бұл менің сізге жасаған сыйлығым. Менің тау шаңғысынан алғашқы бапкерімнің де бүгін туған күні.

Енді менің әйеліме айтарым... Менің қымбатты, сүйікті әйелімен, қызыма, сұлуыма....

Наташа, махаббатым менің, бүгін мен үшінші орын алдым. Кешірші... Шын мәнінде мұндай сәтте сөйлеу қиын! Қызымыздың туған күнінде болмағаным үшін кешірші! Бірақ біздің Мирамыз оның әкесі осымен екінші рет тарихты жасағанын білетін болады. Иә, алтын алудың сәті түспеді, бірақ қола одан да жақсы. Мама, сен ұлыңмен тағы да мақтана аласың!", - деді Сергей көзіне жас алып,

Желі қолданушылары спортшының бұл видеосын өте жылы қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1956901-qyzym-akesinin-tarixty-zasaganyn-biletin-bolady-beizinde-qola-zulde-algan-sportsy-aieline-zantebirenterlik-video-zoldady/