Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасының жүлдесінен тыс қалды

Опубликовано:

Конькиші
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владимир Семенов

Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында конькиден масс-старт жарыстары басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалда ел намысын Дмитрий Морозов қорғады. Ол 8:08.73 уақытымен мәре сызығын қиып, екі спринт жасады. Осылайша, атлетіміз өз тобында оныншы орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш отандасымыздың финалға шығуына мүмкіндік берген жоқ.

Дмитрий Морозов туралы не білеміз?

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий 1996 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Ол конькимен жүгірумен 9 жасынан бастап айналысады.

Спортшы 3000 және 5000 метр қашықтықта Қазақстан Республикасының рекордын орнатқан.

Дмитрий 2018 жылы Белоруссияның Минск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында күміс, 2021 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен біріншілікте алтын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956915-dmitrii-morozov-beizin-olimpiadasynyn-zuldesinen-tys-qaldy/

pixel