Бейжің Олимпиадасының финалына шыққан конькишіміз нешінші орын алды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Масс-старт жарысында Бейжің Олимпиадасының финалына шыққан конькишіміз Надежда Морозова жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалда үздік 17 спортшы бағын сынады. Ел намысын қорғаған Надежда жүлдегерлердің қатарынан көрінген жоқ. Ол масс-стартты он төртінші орынмен аяқтады.

Бұл сында Нидерланды атлеті Ирен Схаутен Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанса, күміс медаль канадалық Ивани Блонденге бұйырды.

Үшінші орынды италиялық Франческа Лоллобриджида қанағат тұтты.

Айта кетейік, Надежданың күйеуі Дмитрий Морозов та ерлер арасында масс-стартта бағын сынаған еді. Өкінішке қарай, ол жартылай финалдан әрі аса алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1956923-beizin-olimpiadasynyn-finalyna-syqqan-konkisimiz-nesinsi-oryn-aldy/