Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалған белгілі спортшы маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында жүлдегерлерлің арасынан көрінбеген шаңғышымыз Евгений Величко төрт жылдықтың ірі додасын қорытындылап, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, бүгін, 19 ақпанда Евгений Величко масс-стартта сынға түсті. Жарыс басында 50 шақырымға жоспарланған, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 шақырымға дейін қысқартылды. Отандасымыз мәре сызығын 43-болып кесті. Осыдан кейін Евгений Величко Ұлттық Олимпиада комитетінің журналистіне алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

"Бүгін ауа райы қолайсыз болды, тіпті сол үшін қашықтықты да қысқартты. Жарыс жолында жел қатты соқты. Мен үшін Олимпиада аяқталды. Енді жарыс жолына қыздарымыз шығады. Ертең де дәл осындай күн райы болады деп болжануда. Қашықтықты қысқарта ма, әлде қысқартпай ма, оны білмеймін. Жарыс жолы өте ауыр, ауа райы да кедергісін келтірді. Қанша сайыстарда бақ сынап жүрміз ғой, бірақ бұндай ауа райында алғаш рет жарыстық.

Енді екі кезең мен Қазақстан чемпионатында бақ сынаймын, содан кейін не боларын көре жатамыз. Бапкерлікке бет бұруым мүмкін, мүмкін басқа қызмет. Әзірге ойланбадым. Жалпы, бұл менің соңғы Олимпиадам", - деді шаңғышы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956939-beizin-olimpiadasynda-zuldesiz-qalgan-belgili-sportsy-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel