Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медаль алатын соңғы мүмкіндік: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Шаңғышы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 20 ақпанда Бейжің Олимпиадасы аяқталады. Қысқы ойындардың соңғы күнінде үш қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасында 30 шақырымға жоспарланған масс-стартта үш шаңғышымыз ел намысын қорғайды. Олар: Ангелина Шурыга, Ирина Быкова және Надежда Степашкина.

Бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-де басталмақ. Тікелей эифр Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұл- Бейжің Олимпиадасында ел қоржынына медаль түсуі мүмкін соңғы жарыс. Бұған дейінгі ең үздік көрсеткіш Абзал Әжіғалиевке тиесілі. Төрт жылдықтың ірі додасында көк байрақты көтеріп шыққан шорт трекші жүлдеге бір табан жетпей қалған еді. Ол 500 метр қашықтықта финалға шығып, қысқы ойындарды төртінші орынмен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956951-medal-alatyn-songy-mumkindik-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel