Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін Мунгиямен жекпе-жек өткізбек

Опубликовано:

Боксшы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасындағы орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионаты комитеті тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасында жоғарыда аталған жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастауды бұйырғанын ескертеміз.

Тараптарға келісімге келу үшін 10 күн уақыт беріледі. Егер осы құжатта көрсетілген мерзімде келісімге келе алмаса, WBO ережесіне сәйкес промоутерлік сауда рәсімі жарияланады.

Орта салмақта ең төменгі жарамды ұсыныс 200 000,00 доллар (екі жүз мың доллар). Қатысушы тараптардың кез келгені келіссөз барысында қалаған уақытында промоутерлік сауданы бастауды сұрай алады",- делінген мәлімдемеде.

Ресми хат Әлімханұлының мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Мунгия ісін жүргізетін менеджер Эрик Гомеске (Golden Boy Promotions) бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1957378-zanibek-alimxanuly-uaqytsa-alem-cempiony-atagy-usin-mungiyamen-zekpe-zek-otkizbek/

pixel