Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанкүйерлер медаль күтті": ҰОК Бейжің Олимпиадасын қорытындылады

Опубликовано:

Олимпиаданың ашылу салтанатындағы Қазақстан құрамасы
Фото: akorda.kz

Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бейжіңдегі төрт жылдықтың ірі додасын қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жанкүйерлер бізден медаль күтті. Оны барлығымыз білеміз. Бейжің Олимпиадасында 29 мемлекет қана тиісті нәтижеге қол жеткізіп, медаль алды", - деп сөзін бастады спикер.

Ол Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қысқы Олимпиада ойындарда бар болғаны сегіз медаль жеңіп алғанын, оның төртеуі Владимир Смирновқа тиесілі екенін айта кетті.

"Бейжіңге дейінгі екі қысқы Олимпиадада жүлдеге қол жеткіздік. Оның алдыңғы екеуінде қоржын бос қайтты. Осы жолы фристайл-могулдан Юлия Галышева қатысты және шорт-тректен де үміт күттік. Алайда медальға ие бола алмадық", - дейді Қанағатов.

Оның сөзінше, кейбір спорт түрінен біршама ілгерілеу бар.

"Абзал Әжіғалиевтің нәтижесін көрдіңіздер. Абзал финалдан кейінгі сөзінде елімізде шорт-тректі әлі де дамыту керек екенін айтты, біз оның сөзін қолдаймыз. Шорт-тректен арнайы бағдарлама жасап, осы спорт түрін дамытуымыз керек. Коньки спорт түрінен де бізде алға жылжу бар деп айтуға болады. Әйелдер арасында Надежда Морозова жақсы нәтиже көрсетті. Ол жас спортшы, болашағы бар", - дейді спорт дирекциясының директоры.

Сонымен қатар, Елсияр Қанағатов осы Олимпиада ең нашар нәтиже көрсеткен спорт түрін атады.

"Соңғы жылдары шаңғы спортының нәтижесі төмендеп кетті. Бұл бағытта бұқаралық спортты дамыту нашар болып тұр. Солтүстік өңірлерде шаңғы спортын дамыту тиісті деңгейде емес. Сондықтан осы Олимпиаданың қорытындысы бойынша шаңғы, биатлонның нашар нәтижесіне, жалпы Бейжіңдегі нәтижеге сараптама жасап, алға жылжу керек", - дейді ол.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасында ел намысын 87 жолдама иеленген 34 спортшы қорғады.

Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1957507-zankuierler-medal-kutti-uok-beizin-olimpiadasyn-qorytyndylady/

pixel