Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір спортшыға 15 миллион теңге": Бейжің Олимпиадасына жалпы қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

Опубликовано:

Биатлон
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бейжің Олимпиадасына қанша қаржы жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Крюковтің сөзінше, Қазақстан Олимпиада ойындарына қатысу үшін 248 миллион теңге жұмсаған. Оның 107 миллион теңгесі Air Astana әуекомпаниясына чартерлік рейс ұйымдастырғаны үшін жұмсалған.

Құраманың Олимпиада ойындарына дайындығы үшін 789 миллион теңге кеткен.

"Оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарға 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір қатысушыға кеткен шығынның орташа көлемі 15 миллион теңгені құрады", - деді Андрей Крюков.

Осы орайда ҰОК бас хатшысы бюджеттен қысқы спорт түрлеріне жалпы 3,5 миллиард теңге жұмсалғанын жеткізді.

Спорт түрлері бойынша жыл бойы жұмсалған қаржы мөлшері төмендегідей:

  • биатлон - 384 миллион теңге;
  • тау шаңғысы - 100 миллион теңге;
  • конькимен жүгіру - 400 миллион теңге;
  • шаңғы жарысы- 363 миллион теңге;
  • керлинг - 200 миллион теңге;
  • трамплиннен секіру - 198 миллион теңге;
  • сноуборд - 14 миллион теңге;
  • мәнерлеп сырғанау - 143 миллион теңге;
  • фристайл-могул - 562 миллион теңге;
  • фристайл акробатика - 319 миллион теңге;
  • шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер) - 259 миллион теңге;
  • шорт-трек - 392 миллион теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1957526-bir-sportsyga-15-million-tenge-beizin-olimpiadasyna-zalyp-qansa-qarzy-zumsalgany-belgili-boldy/

pixel