Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатындағы ту ұстаушылардың киімі үздік деп танылды

Опубликовано:

Бейжің 2022 қазақстандық ту ұстаушылар
Фото: olympic.kz

Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатындағы Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдованың киімі үздік костюм деп танылған. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Андрей Крюков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте бұл туралы сөз қозғады.

Оның айтуынша, ту ұстаушылардың киімі Олимпиада ойындарының тарихында үздік деп танылған.

"Біз оны сәуір айындағы ресми рәсім кезінде Олимпиада музейіне тапсырамыз", - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Еске сала кетейік, Қазақстан командасының ту ұстаушылары Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының образында шықты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдованың киіміндегі өрнек элементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1957539-beizin-olimpiadasynyn-asylu-saltanatyndagy-tu-ustausylardyn-kiimi-uzdik-dep-tanyldy/