Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік қазақ нокдаун алса да жеңісті қолдан бермеді (видео)

Опубликовано:

Ильяс Хамзин мен Луган Сантьяго
Ильяс Хамзин мен Луган Сантьяго. Видеодан кадр: instagram.com/kzsports

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен RCC Intro 19 аралас жекпе-жек турнирінде Омбыдан шыққан қазақ файтері Ильяс Хамзин бразилиялық Луган Сантьягоны жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның хабарлауынша, жекпе-жек жартылай орта салмақта өткен және үш раундқа жоспарланған. Нәтижесінде Хамзин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

Айта кетсек, Луган Сантьяго кездесу барысында Ильяс Хамзинді нокдаунға түсірген. Дегенмен файтер тез арада қалпына келіп, жеңісті қолдан бермеген.

Бұл Ильяс Хамзиннің ММА-дағы тоғызыншы жеңісі. Ал Луган Сантьяго алтыншы мәрте жеңіліп отыр.

Ильяс Хамзин 2018 жылдан бері ресейлік Russian Cagefighting Championship промоушенінде өнер көрсетеді. Бұл оның он бірінші жекпе-жегі болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1957587-nokdaun-alsa-da-zenisti-qoldan-bermegen-reseilik-qazaqqa-zankuierler-tanti-boldy-video/

pixel