Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Норвегиялық төрт дүркін әлем чемпионы Ресейдегі сайыстарға қатысудан бас тартты

Опубликовано:

Тереза Йохауг
Фото: https://www.instagram.com/johaugtherese

Белгілі норвегиялық шаңғышы Тереза Йохауг Украинадағы жағдайға байланысты Тюменьде өтетін шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогына келмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Dagbladet" басылымына сілтеме жасап.

"Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) сайыс кезеңін басқа жерге ауыстыруға әрекет жасайды деп үміттенеміз. Егер орны ауыстырылмайтын болса, Тереза қатысудан бас тартады", – деді төрт дүркін Олимпиада чемпионының менеджері Джорн Эрнст.

Бұған дейін тағы бір норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клэбо Тюменьдегі жарыстарға қатыспайтынын айтқан болатын.

Спортшы халықаралық шаңғы спорты федерациясынан сайыс кезеңін басқа жерге ауыстыруды сұрады.

Еске салсақ, Тюменьде 18-20 наурыз күндері шаңғы спорты бойынша Әлем кубогының шешуші кезеңі өтуі керек болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1957954-norvegiyalyq-tort-durkin-alem-cempiony-reseidegi-saiystarga-qatysudan-bas-tartty/

pixel