Министр Әжіғалиевтің қысқы олимпиадаға дайындық жөніндегі сын-пікіріне жауап берді

Опубликовано:

Шорт трек
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Шорт-тректен қазақстандық көшбасшы, Бейжің олимпиадасында 4 орынға ие болған Абзал Әжіғалиев қысқы спорт саласындағы олқылықтар туралы айтқан еді. Осы мәселеге қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ол мәселені спортшы ретінде көтеріп отыр. Сол арқылы кәсіби спортқа расымен жаны ашитындығын дәлелдеді. Жарарлық іс.

Бұл жерде мәселе тек қолжетімсіздікпен байланысты емес. Бапкерлер де сұрақты уақытылы көтеріп отыру керек.

Министрліктің мұз айдыны және басқа да спорт саласындағы шешілуі тиіс проблемалардан хабары бар. Мәселені кешенді және жүйелі түрде шешудің жолын қараймыз", - деді Дәурен Абаев Бейжің олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс барысында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің төрт жылдықтың ірі додасына дейін қандай кедергілерге тап болғаны және қысқы спорт саласындағы кемшіліктер туралы мәлімдемесін жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1958108-ministr-azigalievtin-qysqy-olimpiadaga-daiyndyq-zonindegi-syn-pikirine-zauap-berdi/