"Басымдық жоқ": Бір жылдан бері шаршы алаңға шықпаған Қанат Ислам жеңіліп қалды

Опубликовано:

Қанат Ислам
фото: prosports.kz

Кәсіби бокста бақ сынап жүрген 37 жастағы Қанат Ислам өз мансабында алғаш рет ұтылып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты.

Өкінішке қарай, Қанат қарсыласынан жеңіліп қалды. Кездесу барысында оның көптеген ауыр соққыны өзіне жіберіп алғаны байқалды.

"37 жастағы Бейжің Олимпиадасының жүлдегері қарсыласының ауыр соқысына қарсы түра амады. Үшінші раундтың өзінде-ақ, Қанатқа қарсыласы жақсы соққы берді. Танымал ардагер боксшының басымдығы жоқ екені анық көрінді", - деп жазды украиналық vringe.com сайты.

Төрешілердің біреуі кездесуге тең нәтиже берсе, қалғандары британдық боксшының жеңгенін растап отыр.

Осылайша, бір жылдан бері шаршы алаңға шықпаған Қанат Ислам өз мансабында алғаш рет ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1958122-basymdyq-zoq-bir-zyldan-beri-sarsy-alanga-syqpagan-qanat-islam-zenilip-qaldy/