Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір нанды талай бөлістік": Жанқош Тұраров мансабында алғаш рет жеңілген Қанат Исламға қолдау білдірді

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан боксшы Қанат Исламға әріптесі Жанқош Тұраров Instagram парақшасында қолдау білдірді.

"Кешегі Қанат бауырымның кезекті кездесуінде екі тараптың да мықтылығын көрдік. Жекпе-жектің соңына дейін тақымымызды қысып, үлкен үмітпен отырдық.

Қанекең екеуміз Маями қаласында 3 жыл бірге тұрып, бір нанды талай бөлістік. Еңбекқорлығы мен адамгершілігімен ерекшеленетін бауыр ағама еш мойыма дегім келеді.

Бұл - үлкен спорт! Жеңіс бар жерде - жеңіліс те болары заңдылық. Әлемге танымал ұлы боксшыларымыздың да тарихында жеңілістің ащы дәмі сезілген. Осы күнге жетудің өзі де үлкен жеңіс!

Мұхит асып, денсаулықты тәуекелге тігіп ел намысын қорғаудың артында қанша тер мен күштің жұмасалатыны сенімен мен жақсы түсінеміз. Қанеке бауырым, жеңісті күндерің әлі де алда. Еш мойымай, алдағы жекпе-жекке одан әрі қайратты болып оралатыныңа сенімдіміз! Елің сенімен әрдайым мақтанады", - деп жазды спортшы.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті Джимми Келлиге берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1958324-bir-nandy-talai-bolistik-zanqos-turarov-mansabynda-algas-ret-zenilgen-qanat-islamga-qoldau-bildirdi/

pixel