Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

AIBA Ресейге санкция салу мәселесін қарап жатыр

Опубликовано:

Бокс
Фото: pixabay.com

Халықаралық бокс қауымдастығы да ресейлік тарапқа санкция салу мәселесін қарастырып жатыр. Оның шешімі аптаның аяғында шығады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Белгілісі, қазір халықаралық ұйым директорлар кеңесінің жиынын өткізбек. Оған тағы да жоғарыда айтқан Халықаралық олимпиадалық комитеттің ұсынысы түрткі болды. Басқосуда спортшыларға шектеу қоюмен қатар, Global Boxing Cup турнирінің де тағдыры шешіледі.

Бүкіләлемдік бәсеке маусым айында Ресей қалаларында өтеді деп жоспарланған еді. Бұған қоса, бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Ресей және Беларусь спортшыларын рейтингтен алып тастайтынын мәлімдеді. Ал осы елдің өкілдері рингке көтерілген кезде туы көтерілмейді, әнұран орындалмайды, тіпті елдің атауы да айтылмайды.

Талапты орындамаған промоутерлік компанияларға қатаң санкция салынады.

Футболшылар санкцияға тап болды

Adidas Ресей футбол одағымен әріптестікті үзді. Германиялық компания 2008 жылдан бері көрші елдің құрамасын киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіп келген.

Өткен жылы қос тарап келісімді ұзартып, 2026 жылға дейін жалғастыруға уағдаласқан еді. Бірақ, қалыптасқан жағдайға байланысты оның күші жойылды. Осының алдында FIFA мен UEFA да ресейлік командаларды халықаралық турнирлерден шеттетті. Мәселен, 24 наурыз күні әлем чемпионатына іріктеу аясында Ресей Польшамен жолығуы керек еді. Бірақ кейінгілері одан бас тартты.

Артынша Чехия мен Швеция құрамалары да осындай мәлімдеме жасады. Ал чемпиондар лигасының финалын биыл Санкт-Петербург қаласы қабылдауы керек еді. Енді оны Парижге ауыстыру жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1958842-aiba-reseige-sankciya-salu-maselesin-qarap-zatyr/

pixel