Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей және Беларусь спортшылары Бейжіңдегі паралимпиадаға қатысудан шеттетілді

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі фото: olympic.kz

Халықаралық паралимпиада комитеті ресейлік спортшыларды Бейжіңдегі ойындарға қатысудан шеттетті. Бұл туралы спорт ұйымының ресми сайтында хабарланған.

Беларусь спортшыларына да Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынған.

Ресей паралимпиада комитеті мен Беларусь ұлттық паралимпиада комитеті спортшыларының қатысуға өтінімдерін қабылдамау туралы шешім қабылданған.

Айта кетсек, бұған дейін аталған екі елдің паралимпиадашылары Бейжіңдегі ойындарға қатысатыны хабарланған еді. Алайда Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өзгерткен.

Еске сала кетсек, Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Украинадағы соғыс қимылдарына байланысты Ресей мен Беларусьті командалық жарыстардан және ITF мүшелігінен шеттеткен еді.

Сонымен қатар, Халықаралық бокс қауымдастығы да Ресейге санкция салу мәселесін қарастырып жатқан болатын. Алайда оның нәтижесі әзірге жарияланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1959085-resei-zane-belarus-sportsylary-beizindegi-paralimpiadaga-qatysudan-settetildi/

pixel