Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қанша жалақы алады

Опубликовано:

Бапкер
Фото: sports.kz

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сатжановтың қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Қайрат Сатжанов тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Ол "700 мың теңгеге өмір сүре алмаймын" дейді. Неліктен? Тоғыз бала тамақтанғысы келеді. Олардың оқуына, киіміне ақша кетеді. Балалар киноға барғысы келеді, балмұздақ жегілері келеді дейді. Оныкі дұрыс!

Себебі ол сегіз-тоғыз ай бойы үйінде болмайды. Өйткені Қайрат Сатжанов - бас бапкер. Ол нәтиже көрсетті: соңғы әлем чемпионатында екі "алтын", екі "күміске" қол жеткізді. Алайда бас бапкер 700 мың теңге жалақы алады. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері! Бұл өте маңызды мәселе, оны көтеру керек. Біз қазіргі уақытта Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спорттың имиджі туралы ойлануымыз керек", - деді Тұрлыханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1959284-bokstan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-qansa-zalaqy-alady/

pixel