Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст Катардағы әлем кубогінде чемпион атанды

Опубликовано:

Нариман Курбанов Дохада топ жарды
фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбанов Катарда өткен әлем кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық спортшы гимнастикалық ат снарядында сынға түскен болатын. Іріктеуден екінші орынмен өткен Нариман финалда ең жоғары ұпай жинап, алтын жүлдегер атанды.

Ол ақтық сында 15.200 ұпай алған. Күміс медальді Ирландия, қола жүлдені Армения спортшылары иеленді.

Нариман Курбанов тек қана бір снарядта - гимнастикалық ат бойынша өнер көрсетеді. Ол осыған дейін бірнеше рет әлем кубогі кезеңдеріне топ жарып, жүлдегер атанған.

Дохадағы әлем кубогі кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалда өнер көрсетеді. Милад Карими еркін жаттығуда, сондай-ақ, қоссырықтағы жаттығуда жүлдеге таласпақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1959378-qazaqstandyq-gimnast-katardagy-alem-kuboginde-cempion-atandy/

pixel