Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тек алтын аламын деген мақсат болды": Әлем кубогінде чемпион атанған Курбанов мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Нариман Құрбанов
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбанов әлем кубогі кезеңінде қалай жеңіске жеткенін айтып берді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

"Осы айда әлем кубогінің төрт кезеңіне қатысуды жоспарладым. Міне, екі аптада екі кубоктік бәсекеге қатысып үлгердім. Германияның Котбус қаласында өткен жарыста басты фавориттердің бірі болдым. Финалға да жақсы ұпаймен шықтым.

Бірақ шешуші сәтте дайындығым да, жүйкем де сыр берді. Оның үстіне, жаттығуды орындау кезінде қате жіберіп, медальдан айырылып қалдым. Сондықтан, Дохаға келіп, алтын алмай кетсем, өзімді кешірмейтін едім. Менде тек қана алтын аламын деген мақсат болды.

Іріктеуден бір деммен өтіп, финалда өзімнің соңғы үш айда дайындаған жаттығуымды көрсетіп шықтым. Енді алда тағы екі кезең бар. Сол жарыстарда өзімнің бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын", - деді Нариман Курбанов. 

Айта кетейік, бұған дейін спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбановтың Катарда өткен әлем кубогінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1959442-tek-altyn-alamyn-degen-maqsat-boldy-alem-kuboginde-cempion-atangan-kurbanov-malimdeme-zasady/

pixel