Бейжіңдегі Паралимпиада: Қазақстандық спортшы ел қоржынына алғашқы медальды салды

Опубликовано:

Биатлон
Фото: ҚПК

Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биатлоннан ерлер арасында 10 шақырым қашықтықта сынға түскен Александр Герлиц қола медальға қол жеткізді. Бұл - Қазақстан құрамасының Бейжің Паралимпиадасындағы алғашқы жүлдесі.

Айта кетейік, отандасымыз жеңімпаздан 1:25.6 уақытқа қалып, нысана көздеу кезінде үш мәрте мүлт кетті.

Аталған бәсекеде 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарынының алтын жүлдесін канадалық Марк Арендз ұтып алса, екінші орын Украина биатлоншысы Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1959723-beizindegi-paralimpiada-qazaqstandyq-sportsy-el-qorzynyna-algasqy-medaldy-saldy/