Бейжің Паралимпиадасының қола жүлдегері: Бүгінгі жеңісімді қазақстандық аруларға арнаймын

Опубликовано:

Биатлон
Фото: ҚПК

2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлде алған Александр Герлиц жетістігін қазақстандық арулардың құрметіне арнады, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Барша қазақстандық әйел азаматтарды бүгінгі мерекесімен құттықтаймын. Жеңісімді сол аяулы жандардың құрметіне арнаймын", - деді Александр Герлиц.

Айта кетейік, бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскенін жазған болатынбыз.

Кейінірек Александр Герлицті Қазақстан президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі құттықтады.

"Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды.  Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі.  Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1959729-beizin-paralimpiadasynyn-qola-zuldegeri-bugingi-zenisimdi-qazaqstandyq-arularga-arnaimyn/