Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі жалынатын болады": Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы мен Берік Сұлтан
Жәнібек Әлімханұлы мен Берік Сұлтан. Фото: facebook.com/beriksultan.kz

WBO белбеуіне үміткер қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында спортшымен жұдырықтасудан бас тартқандарға қатысты мәлімдеме жасады.

"Осы апта шешуші апта болады-ау. Егер бұл аптада шешілмесе, онда білмеймін. Андраденің, Фалькаоның бас тартуына кеше атақты мексикалық жұлдыз Мунгия да қосылды. Осыдан-ақ Жәнібектің орта салмақтағы патша екенін түсінуге болады.

Иә, біраз жұрт "Жәнібектің атағы жоқ, олар сол үшін шықпады" деуі мүмкін. Бірақ олардың бәрі осы уақытқа дейін атағы жоқ, танымал емес адамдармен жұдырықтасып келді. Үшеуі қандай жұлдызбен шықты? Тізімде ешкім жоқ! Олармен жекпе-жек өткізуге болады, ал Жәнібекке келгенде ол танымал емес, ақша алып келмейді дейді. Бұл түсінген адамға күлкілі нәрсе.

Өздері қорықпаса да, командасы ұтылудан сескенді. Аялап отырған боксшыларының құлап жатқанын көргісі келмейді. Жарайды, арттарынан қумаймыз! Өздері-ақ келеді. Әлі жалынатын болады. Сол кезде бізде де айтатын сөз болады.

Сонымен, WBO жаңа қарсылас тағайындады. Ол британиялық Дигнум. Рекорды 14-0. Рейтингте бесінші орында тұр. Енді олар да гонорар жақсы болса келісеміз деп отыр. Соңы не боларын күтейік. Бірақ менің ойымша, осы апта бәрі шешіліп, жекпе-жек уақыты белгіленетін сияқты.

Біз болашақта әлемді шулатымыз деуші едік, сол басталып кетті, ағайын. Қазірдің өзінде шулатып жатырмыз. Америкада Жәнібек өте жақсы талқыланып жатыр", - дейді Берік Сұлтан.

Ол сөз соңында тарихқа енетін күн алыс емес екенін айта кетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионаты комитеті Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлына "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін келіссөздерді бастауды бұйырған еді. Тараптарға келісімге келу үшін 10 күн уақыт берілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1960734-ali-zalynatyn-bolady-zanibek-alimxanulynyn-menedzeri-malimdeme-zasady/

pixel