Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің паралимпиадасына Қазақстан қанша қаражат жұмсады

Опубликовано:

Биатлон
Фото: ҚПК

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Бейжіңдегі паралимпиада ойындарына қатысу үшін қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевке орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Бейжің паралимпиадасына қатысуға қанша қаражат жұмсалды?" деген сауал қойылды.

"Біздің спортшылардың Бейжіңдегі паралимпиада ойындарына қатысуы үшін 3 айлық дайындығына 119 миллион теңге кеткен. 119 млн теңгенің ішінде қатысу үшін 50 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Оның ішінде біздің спортшыларымыз бен құрама команда арнайы киімдермен жабдықталды", - деді Самат Ерғалиев.

Комитет мәліметінше, қысқы паралимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 1 күміс және 1 алтын медаль алған.

"2022 жылғы 8 наурызда Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырым қашықтықта үздік үштікке еніп, қола медальға қол жеткізді. Бұл - тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстан құрама командасының қысқы Паралимпиада ойындарындағы үшінші медалі", - деді Самат Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1961303-beizin-paralimpiadasyna-qazaqstan-qansa-qarazat-zumsady/

pixel