Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WBO Қанат Исламды мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін рейтингінен алып тастады

Опубликовано:

Қанат Ислам
фото: prosports.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламды (28-1, 22 КО) рейтингтен алып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz

Рейтингтің ақпан айындағы нұсқасында Қанат Ислам сегізінші орынға тұрақтағанымен, британиялық Джеймс Килрейн Келлиден (26-2, 10 КО) жеңілгеннен кейін ол классификациядағы орнынан айырылып қалды.

Қазір қазақстандықтың орнында 29 жастағы Келли.

Айта кетейік, осыған дейін 27 жастағы спортшы 12 наурызда Спрингфилд қаласында (Массачусетс штаты) өткен AMMO Fight League әуесқой турниріне қатысқанын хабарлаған едік.

Лубенганы үшінші раундта қарсыласы Коди МакКраккен нокаутқа түсірді, содан кейін файтер ауруханаға жеткізілді.

Жекпе-жектен екі күннен кейін Лубенга қайтыс болды. Өлімнің себебі белгісіз.

Спортшының отбасы сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1961324-wbo-qanat-islamdy-mansabyndagy-algasqy-zenilisinen-keiin-reitinginen-alyp-tastady/

pixel