Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Ербосынұлы әлем чемпионымен жұдырықтасады

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Фото: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Белгілі боксшы Айдос Ербосынұлы жақын арада шаршы алаңға қайта көтеріледі. Оның қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

"Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэвид Морреллмен (6-0, 5 КО) жекпе-жек өткізеді.

Айдос Ербосынұлы командасымен бірге АҚШ-та жаттығып жүр, ол мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвереспен спарринг жасады. Мексикалық спортшы да жақын арада ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады", - деді ресурс.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлының соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың қыркүйегінде өткен болатын.

Аталған кездесуде отандасымыз оныншы раундта ганалық қарсыласы Леннокс Алленді нокаутқа түсірді. Содан кейін Айдос Ербосынұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1961554-aidos-erbosynuly-alem-cempionymen-zudyryqtasady/

pixel