Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Матч кезінде жанкүйер өзін қақпаға байлап тастады (фото, видео)

Опубликовано:

Матч кезінде өзін қақпаға байлап тастаған жанкүйер
Фото: Chris Brunskill/Fantasista/Getty Images

Футболдан Англия премьер-лигасының 20-туры аясында өткен матч кезінде қызықты жайт орын алды. "Эвертон" мен "Ньюкасл" арасындағы ойында жанкүйер өзін қақпаға байлап тастады, деп хабарлайды Чемпионат.com.

Басылымның мәліметінше, екінші тайм басталар уақытта жанкүйер "Гудисон Парк" стадионының алаңына шығып, өзін қақпаға мойнынан байлап тастаған.

Бас төреші Крейг Поусонға ойынды тоқтатуға тура келген. Бірер уақыттан кейін стадион қызметкерлері жанкүйердің мойнындағы пластик сымды шешіп, оны алаңнан полиция алып кеткен.

Матч кезінде өзін қақпаға байлап тастаған жанкүйер
Фото: championat.com

Осыдан кейін матч қайта жалғасқан.

Спорт-Экспресстің британиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, жанкүйер осылайша Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге және игеруге инвестиция құюына қарсылығын білдірмек болған.

"Эвертон" мен "Ньюкасл" арасындағы матчқа келсек, ойын 1:0 есебімен "Эвертонның" пайдасына шешілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1961573-matc-kezinde-zankuier-ozin-qaqpaga-bailap-tastady-foto/

pixel