Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жастағы қазақ боксшысы бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Опубликовано:

Елхан Табынбаев
Елхан Табынбаев. Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды деп хабарлайды Prosports.kz.

Елхан Табынбаев (3-0, 1 КО) жартылай ауыр салмақтағы WPBF тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Исрар Усманимен (5-0, 5 КО) жекпе-жек өткізді.

Мәскеуде өткен кездесуде 22 жастағы алматылық жігіт бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Табынбаев үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі төрт жекпе-жек ішіндегі төртінші және нокаутпен жеткен екінші жеңісі.

Айта кетерлігі, Исрар Усманиге қарсы Мәскеулегі жекпе-жек Елхан үшін Қазақстаннан тыс жерде өткен про-статустағы бірінші кездесу болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1961643-22-zastagy-qazaq-bokssysy-birinsi-raundta-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/

pixel