Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ": Нижат Рахимов Олимпиада медалінен айырылуы туралы айтты

Опубликовано:

Нижат Рахимов
Нижат Рахимов. Фото: instagram.com/nijat.raximov

Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына қатысты пікір білдірді. Спортшы өзіне қатысты шыққан шешімге түбегейлі қарсы екенін айтып, алдағы уақытта қайта арызданатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нижат Рахимов өзін Олимпиада медалінен айыру туралы шешімге жеген бар наразылығын Instagram парақшасында жазды.

"Достар, Наурыз мерекесі күндері допингке қарсы CAS департаментінің 2016 жылы алынған бақылау сынамасына қатысты шешімі көңілімді түсірді. Өткен жылы тамыз айындағы тыңдаулар кезінде ол жағдайға еш қатысым жоқ екенін айттым. Бірақ, өкінішке қарай, арбитр дәлелдерімді қабылдамады. Осы жұмысқа жауапты болған адамдардың әрекетіне баға берілмегені өте өкінішті. Негізі сұрақтың бәрі соларға және олардың басшыларына қойылуы керек. Олардың қолы таза емес екенін уақыт көрсетті ғой. Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ. Сондықтан мен осы шешімге үзілді-кесілді қарсымын. Сол себепті мен бұл шешімге арыздануға мүдделімін" , - деп жазды спортшы желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Олимпиада ойындары кезінде алынған сынамаға қатысты ешқандай мәселе туындаған жоқ. Соған қарамастан, алтын медальді алып қоюға шешім шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1961981-suraq-kop-biraq-zauap-zoq-nizat-raximov-olimpiada-medalinen-aiyryluy-turaly-aitty/

pixel