Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуырда Муратамен кездесетін Головкиннің шамамен қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

9 сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізетін отандасымыз Геннадий Головкиннің кездесу үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылым мәліметінше, жекпе-жек алдында спортшылардың қанша сыйақы алатыны туралы ақпараттар тараған.

Басылым келтірген дерекке сүйенсек, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин осы кездесу үшін 12,3 млн АҚШ долларын алса, WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратаға 4,1 млн доллар сыйақы бұйырады деп күтілуде.

Айта кетсек, отандасымыз бен жапониялық арасындағы бәсеке Жапонияның Сайтама қаласында 9 сәуірде өтеді.

Сонымен қатар аталған жекпе-жекке қатысты пікір білдірген Головкин "нокаутпен жеңемін" деп болжам жасаған болатын.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы кездесу 2021 жылғы 29 желтоқсанда Жапонияда өтуі тиіс еді.

Алайда елде коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты Жапония үкіметі бірқатар шектеу шараларын енгізді.

Салдарынан олардың жекпе-жегі 2022 жылға шегерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1963168-zuyrda-muratamen-kezdesetin-golovkinnin-samamen-qansa-syiaqy-alatyny-belgili-boldy/

pixel