Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Милад Карими әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Опубликовано:

Милад Карими
Милад Карими. Фото: olympickz / Тұрар Қазаңғапов

Қазақстандық спортшы Милад Карими әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінің финалында ол еркін жаттығуда отандасымыз 14.300 ұпай жинады. 

Айта кетейік, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио төріндегі өзінің алғашқы олимпиадасын ойдағыдай өткізді.

Күншығыс елінде Милад үш рет финалда бақ сынап, әлем үздіктерінің қатарына енген болатын. Әсіресе, Каримидің екі жаттығу бойынша алғашқы сегіздікке енгені біздің команда үшін үлкен нәтиже.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1963287-milad-karimi-alem-kubogi-kezeninde-kumis-zuldege-ie-boldy/

pixel