Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикалық боксшы төрешіні нокатуқа түсірді

Опубликовано:

боксшының соққысы төрешіге тиді
Видеодан кадр: Youtube/TV Azteca Deportes

Мексикада өткен бокс кешінде қызық жағдай орын алды. Шаршы алаңда төрелік етіп жүрген төреші күтпеген жерден соққы алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды sport24.ru.

Бұл жағдай боксшылар Ирвин Туррубиартес пен Херардо Валенсуэлу арасындағы жекпе-жек кезінде үшінші раундтың аяқталуына он секунд қалғанда болған.

Осы кезде Туррубиартестің қарсыласына бағыттаған соққысы байқаусызда төреші Хесус Гранадостың кеуде тұсына тиіп кеткен.

Салдарынан Гранадосқа медициналық көмек көмекке жүгінуге тура келген. Осыдан кейін оны бір топ қызметкер шаршы алаңнан зембілмен алып кеткен.

Ал Гранадостың орнына қосалқы рефери шығып, жекпе-жек қайта жалғасқан. Кездесу қортындысы бойынша Туррубиартес жеңіске жеткен. Ол жетінші раундта Херардо Валенсуэлуды нокаутқа жіберген

Сондай-ақ кейінірек соққы алған төрешінің жағдайы жақсы екені, ауруханаға жатқызылмағаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1963494-meksikalyq-bokssy-toresini-nokatuqa-tusirdi/

pixel