Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын тарихи матчпен бастайды
Опубликовано:

УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы алғашқы матч тарихи кездесу болмақ, деп хабарлайды Sports.kz.
Басылым мәліметінше, Қазақстан мен Словакия тарихта ешқашан бір-біріне қарсы ойнамаған.
"Словакия халықаралық турнирлерде Қазақстанмен, сондай-ақ Албания, Косово және Сербиямен жолыққан емес.
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы ресми ойындарда Словакиямен кездесетін 76-ел болады", - дейді словакиялық Sportnet басылымы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы алғашқы кездесу 6 маусым күні Трнавада өтеді. Ел құрамасы бір топта Словакиядан бөлек, Әзербайжан және Беларусьпен өнер көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1963656-qazaqstan-quramasy-ulttar-ligasyn-tarixi-matcpen-bastaidy/