Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" - Бивол андеркардында жұдырықтасатын Өзбекстанда туған қазақ боксшысы кім

Опубликовано:

Елнұр Әбдірайымов
Елнұр Әбдірайымов. Фото: sports.uz

7 мамыр күні Лас-Вегаста бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем үздігі, мексикалық Сауль Альварес "Канело" мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек өтеді. Бокс әлемі асыға күткен кездесу кешінде этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов та шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Басылымның хабарлауынша, тартысты спорт кеші T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Ресейлік спорт сайттарының хабарлауынша, Альварес пен Бивол жекпе-жегінің андеркардында өзбекстандық екі боксшы кездесу өткізеді.

Олардың бірі – Рио Олимпиадасының финалисі Шахрам Гиясов, екіншісі – Токио Олимпиадасының ширек финалына жеткен этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымов.

Елнұр Әбдірайымов Өзбекстанда туып өскен. Әуесқой бокстан Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

7 мамыр күні Әбдірайымов бірінші жеңіл салмақта сынға түседі. Оның қарсыласы – кубалық Мануэль Корреа болмақ. Жалпы алған, өзбекстандық спортшы кәсіби бокста 8 кездесу өткізіп үлгерген.

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласындағы Saitama Super Arena кешенінде отандасымыз Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жұдырық түйістіреді.

Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Тартысты жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен 9 сәуір күні сағат 15:00-де көруге болады.

Сондай-ақ отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1963993-kanelo-bivol-anderkardynda-zudyryqtasatyn-ozbekstanda-tugan-qazaq-bokssysy-kim/

pixel