Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин-Мурата жекпе-жегі: Билеттердің құны қанша

Опубликовано:

Геннадий Головкин мен Риота Мурата
Геннадий Головкин мен Риота Мурата. Фото: instagram.com/gggboxing

Ертең, 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтетін отандасымыз Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек билетінің құны белгілі болды, деп жазады Zakon.kz.

Saitama Super Arena кассасының онлайн сатылымындағы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта екі секторға санаулы ғана билеттер қалған.

Оның біріндегі билеттер 22 мың йеннен (82 280 теңгеден), екіншісінде 33 мың йеннен (123 420 теңгеден) сатылуда.

Ал ең қымбат саналатын үш сектордағы билеттер толығымен сатылып кеткен. Мұндағы билеттер бағасы 205 мыңнан 415 мың теңгеге дейін болған.

Басылымның мәліметінше, Жапонияның ірі спорттық ареналарының бірі - Saitama Super Arena кешеніне 37 мың көрермен сыяды.

Айта кетейік, Головкин-Мурата арасындағы жекпе-жектің трансляциясы 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады. Кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964226-golovkin-murata-zekpe-zegi-biletterdin-quny-qansa/

pixel