Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын нокаутқа түсірген Асланбек Шымбергенов Таиландтағы турнирдің финалына шықты (видео)

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов: kfb.kz

Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

69 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жарыс қожайыны Атичай Фомсаппен кездесті.

Бірінші раундтан-ақ басымдылықты қолға алған отандасымыз қарсыласын бас көтерткен жоқ. Ал екінші раундта тіпті, Таиланд боксшысын нокаутқа түсірді.

Асланбек Шымбергеновтың ауыр соққысынан кейін оған медициналық көмек қажет болды.

Айта кетейік, бұл турнирдің финалы ертең, 9 сәуірде өтеді.

"Алтын" медальға таласатын қазақстандық боксшылардың қатарында Асланбек Шымбергеновтен бөлек, Айбек Оралбай, Серік Теміржанов, Сұлтан Мусинов, Нұрбек Оралбай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964236-qarsylasyn-nokautqa-tusirgen-symbergenov-tailandtagy-turnirdin-finalyna-syqty-video/

pixel