Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин жапониялық Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді

Опубликовано:

Головкин Мурата жекпек-жегі
Фото: Philip Fong/AFP/Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36) жапониялық Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жапонияның Сайтама қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы 44-ші жекпе-жегін өткізді.

Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының қатарына Риота Муратаның WBA Super белбеуін қосып алды. 

Еске салайық, Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері бүгін алғаш рет жұдырықтасып отыр. Ол өзінің соңғы жекпе-жегінде поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңіп, нокаутқа түсірген. 

Ал Мурата соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында кездесу өткізіп, канадалық Стивен Батлерді жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964289-golovkin-zaponiyalyq-muratany-texnikalyq-nokautqa-ziberip-zeniske-zetti/

pixel